AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

Ата-анасы 7 миллион теңге төлейді: Ақмола облысында рөлге отырған жеткіншек нәрестесі бар екі әйелді қағып кеткен

Ақмола облысы Қараөткел ауылының тұрғыны кәмелетке толмаған жеткіншек пен оның ата-анасы бір жылға бас бостандығын шектеу,  моральдық зиянды өтеу ретінде жеті миллион теңгеге жазаға тартылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2020 жылы 7 қыркүйекте Целиноград ауданы Қараөткел ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны көлік тізгініне отырған. Нәтижесінде жасөспірім емшектегі баласы бар екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккендер аман қалған, бірақ үшеуі жарақат алды. Сәбилердің бірі – қыз баланың денсаулығы үлкен зардап келген.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының екінші бөлігі бойынша (абайсызда денсаулыққа ауыр және орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) қылмыстық істі Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Баптың санкциясы айыппұл, түзеу, қоғамдық жұмыстар, шектеу немесе 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Бұл ауыр емес қылмыс болып саналады.



Сотталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді. Сот кәмелетке толмаған жеткіншекке 1 жыл 9 ай мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыра отырып, бір жыл бас бостандығын шектеуді тағайындады. Сотталушы пробациялық бақылауға алынды.  Ата-анасы моральдық зиянды өтеу үшін 7 миллион теңге төлейтін болады.

"Заң бойынша (Қылмыстық Кодекстің 81-бабы) кәмелетке толмағандарға мұндай қылмыс үшін бас бостандығынан айыру тағайындалмайды. Айыппұл мен түзету жұмыстарын да тағайындауға болмайды, өйткені сотталушының жеке табысы жоқ", – деп түсіндірді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта.

Сот заңда тікелей көрсетілген мән-жайларды ескерді: шын жүректен өкіну, кінәні мойындау, кәмелетке толмаған жасы жеткіншектің жазасын жеңілдетті. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр