"Ат-түйенің құнындай": Тамара Асар 10 жыл бұрынғы сахналық көйлегін көрсетті
Белгілі әнші Тамара Асар 10 жыл бұрынғы өзі тігіп киген көйлегін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/
Өнер иесі әпкесімен бірге ақылдасып, үнді қыздарының сахналық образын жасап шығарған.
“Жаңа жылдық түсірілім басталды. 10 жылдан астам уақыт өтсе де әдемі болып сақталған костюмім. Лаура деген ортаншы апам екеуміз жасаған үнді образы.
Ол кезде мата фурнитура деген өте тапшы болатын. Бұл жерде сумканың шынжырынан бастап, ойдан қырдан арнайы тапсырыспен келген фурнитура. Ат-түйенің құнындай болған қымбат тастардың оригиналдары. Егер жақыннан қарасаңыз тарыдай болған бисерлерді өріп отырып жасадық. Кестелейтін құрылғымыз болмай, қытайдың қызына барып, түнде кестелетіп әкеліп, оны бисерге толтырдық. Айтайын дегенім, өнер – сахна. Тарыдай бисерлерден өрілген өрнек сияқты үлкен еңбек пен табандылықты талап етеді. Егер бисер-моншақтың біреуінің жібі үзілсе, немесе дұрыс тігілмей, түйінделмей қалса, өрнегіңіз түгел ыдырап шашылып сөгілуі мүмкін. Бүгін маған көйлегім өнер мұқияттылық пен тазалықты талап ететінін еске салды”, – деп жазды әнші.
-
"Екі аяғым екі түрлі еді": Тамара Асар протезді жасыруға арналған көйлектерін көрсетті
-
"Жалғыздығын сездім": Тамара Асар Назарбаевпен жолыққанда не үшін жылағанын түсіндірді
Еске салайық, өнер иесі әкесінің көйлек тігіп бергенін айтқан еді.
“Менің ұлттық киімге деген талғамым осы кісілерден бастау алады. Шеберлігім де ата-анамнан дарыған. Анам 10-12 жасымда киген көйлектерімді көрсетіп отыр. Тойдан әкелген маталарын сандықтан шығарып, маған көйлек тігіп беретін. Әкем оюын ояды. Оның бір жағын өзім ұстап отырушы едім. Сосын анам екеуміз көктеп жабыстырамыз. Одан кейін ауылдағы жалғыз ательеге барып, жиегін тігіп аламыз”, – деген болатын эстрада жұлдызы.