Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асылбек Еңсеповті экс-қайын атасы Төлеген Мұхамеджанов қуанышымен құттықтап келді

Экс-құдағиының жанында, құдасын еске алып, тебірене сөз сөйлеген Төлеген Мұхамеджановтың эмоциялары шынайы! Ол бұрынғы күйеу баласының шығырмашылығындағы жетістігіне аса қуанышты. Композитордың қызы Құралаймен дәм – тұзы жараспағанымен, Асылбек қайын атасының алдында құрақ ұшып жүр. Себебі, бізді байланыстырар ортада атұстарым, –  бар дейді домбырашы.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Үлкен балам бар! Қазір жасы – 15 те. 9-шы класста оқиды. Үлкен азамат. Бала болғаннан кейін, өзіміз адам болғаннан кейін неге бір-бірімізді жамандауымыз керек? Бала өсіп келе жатыр», – деп бөлісті Еңсепов.

Ержетіп қалған ізбасарымен ұдайы байланыста болғанымен, Асылбек мырза бұрынғы жарымен мүлдем қатынаспайды екен.

«Кездесіп қалсақ амандасамыз, бірақ араласым жоқ. Өйткені, менің екінші әйелім бар. Өзімнің жақсы көретін әйелім бар», – дейді күйші.

Еңсеповтердің кенжесі – Сырымтайға да Төлеген Мұхамеджанов пен Нұржамал Үсенбаевалардың ықыласы ерекше. Көзі тірісінде Жасарал Еңсепов сөзін жазған «Алтын заман – ай» туындысына Мұхамеджанов мырза сазгерлік еткен. Тарих қойнауындағы түрлі кезең жайлы сыр шертетін әнге Ақан Сатаев пен командасы бейнебаян таспалаған.

Асылбек Еңсепов бұдан өзге тағы бір сүйінші хабарын жеткізді. Музыкантқа екінші жары таяуда перзент сыйлаған. Бауы берік болсын дейміз!

Жіберіп алмаңыз:

Жазира Байырбекова қарт әжейдің өліміне араша түсе алмағанына күйінді

Гүлзира Айдарбекова күйеуінен айырылып қала жаздаған күнді есіне алды

Майра Ілиясова экс-күйеуін қазіргі жарымен өзі таныстырып, үйлендірген

Алтынай Жорабаева: Қыздарым атыма кір келтірмеуі керек

Талқылау