Асу Алмабаевтың кезекті жекпе-жегінің уақыты анықталды
Әлемнің ең үздік тұжырымы UFC-де қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізген Асу Алмабаевтың шаршы алаңға қашан оралатыны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Асу Алмабаев UFC-дегі соңғы жеңісінен кейін тұжырымның аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде 7-орынға көтеріліп, чемпиондық белбеуге бір табан жақындаған еді. Енді Алмабаев 2025 жылдың басында шаршы алаңға қайта оралуды жоспарлап отыр. Ол келесі жекпе-жегін 1 наурыз күні өтетін UFC Fight Night 253 турнирінде өткізеді. Дегенмен қарсыласы әлі белгісіз.
Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін Матеус Николауға қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жеткен еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

