Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асу Алмабаев UFC-де қарсыласының ауысуына байланысты пікір білдірді

Фото: instagram.com / asu_zulfikar57

UFC-дегі ең жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы Асу Алмабаев алдағы жекпе-жекке қатысты ойын айтып, қарсыластың ауысуына байланысты пікірін білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жекпе-жек 26 шілде күні Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирі аясында өтеді.

Бастапқыда Алмабаев Өзбекстан өкілі Рамазан Темировпен жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда Темиров допинг сынамасынан оң нәтиже көрсетіп, турнирден шеттетілді. Оның орнына перулік файтер Хосе Очоа шықпақ.

"Мен бұған қатты алаңдаған жоқпын. Ең бастысы – қарсылас бар, және мен дайынмын. Қарсыластың кім екені маңызды емес, мен кез келгеніне қарсы шығуға әзірмін. Соңғы жекпе-жектегі қателіктерді талдап, оларды түзетуге тырыстық. Енді алдағы кездесуде осы өзгерістерді көрсеткім келеді", – деді Асу баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Асу Алмабаев биыл наурыз айында Манел Капеден жеңілген болатын. Хосе Очоаға қарсы жекпе-жек қазақстандық спортшыға UFC рейтингінде үздіктер қатарына қосылуға қайта мүмкіндік береді.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 25 Шілде, 2025 10:07
Талқылау