Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асу Алмабаев Абу-Дабидегі UFC турнирінде жаңа қарсыласқа қарсы шығатын болды

рейтингке 9-орынға түстіФото: UFC

Абу-Дабиде Алмабаев өзбекстандық Рамазан Темировпен жекпе-жек өткізуі тиіс болған, алайда ол жекпе-жектен бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев 26 шілдеде Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінде октагонға шығады. 

Оның орнына жаңа қарсылас ретінде Перу елінің 24 жастағы өкілі Хосе Очоа тағайындалды. Оның кәсіпқой аралас жекпе-жектердегі көрсеткіші – 8 жеңіс және 1 жеңіліс. Қазір Хосе UFC-де өнер көрсетіп жүр және бұрынғы чемпион Чарльз Оливейра жаттықтыратын командада дайындалады.

Очоа UFC-дегі алғашқы кездесуін 23 қарашада өткізіп, Лонер Каваниге төрешілер шешімімен жол берген еді. Бірақ 15 маусым күні ол Коди Дарденді екінші раундтың 11-секундында нокаутқа түсіріп, айқын жеңіске жетті.

Бастапқыда Алмабаев пен Темиров арасындағы жекпе-жек UFC тарихындағы Қазақстан мен Өзбекстан өкілдерінің алғашқы кездесуі болмақ еді. Алайда қарсылас ауысқаннан кейін бұл кездесу тарихи маңызынан айырылды.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 08 Шілде, 2025 18:14
Талқылау