Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астрономдар жат планеталықтардың өз планеталарын қалай жасыратынын түсіндірді

Астроном ғалымдар жат планеталықтардың өз ғаламшарларын сырт көзден, небір мықты деген телескоптардың өзінен қалай жасырып қалатындығын түсіндірді.

ывыв

Сурет tech.obozrevatel.com

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Планетологтар, егер жат планеталықтар өздерінің планеталарын жылдамдық күші 30 мегаваттық лазерлік құрылғы арқылы сәулелендіре алса, онда жер тұрғындары үшін олардың өркениетті даму шегі көрінбейтін құбылыс ретінде қала беретінін айтты.

Соңғы жылдары “Кеплер” телескопы, HARPS құрылғысы және өзге де мықты күші бар ғарыштық зерттеу техникалары бірнеше экзопланеталарды ашқан болатын. Олардың біршамасының көлемі жер көлеміндей және өмір аймағынан тыс орналасқан. Әйтсе де ол планеталарда өмір бар немесе жоқ екендігі телескоп көзімен де, SETI институтының құрылғылары арқылы да анықталмады.

Дегенмен, ғалымдар он сегіз мың ғаламда шынымен де жат планеталықтардың ғұмыр кешетінін айтады. Өткен жылдың қазан айында KIC 8462852 жұлдызын анықтап, онда табиғат процестері бар және жат планеталықтар өркениеті де табылуы мүмкін деп жариялаған еді.

Планетолог Дэвид Киппинг және Алекс Тичи жат планеталықтарды іздеудегі сәтсіздіктердің барлығы, олардың өздерін жасырын ұстайтындығында болуы мүмкін деген болжаммен анықтап көруге кіріскен. “Кеплер” мен өзге де телескоптар енді жұлдыздардың құлау маусымын аңдып, бір ақпаратқа қол жеткізуге тырыспақ. Аталған технология толыққанды болмаса да өзге планеталардың жай-күйі туралы жылдам ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Киппинг пен Тичи жат планеталықтар өздерін “Кеплер” телескопынан аса күшті жарық лазерін қолдану арқылы жасыруы мүмкін дейді.

Талқылау