Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астрономдар 2028 жылы Жер жойқын астероидпен соқтығысады деп болжауда

12 жылдан кейін Жер планетасы тұтас құрлықты жоя алатын үлкен астероидпен соқтығысуы мүмкін. Бұл туралы американдық астрономдар хабарлады, бірақ қай құрлық екенін айтпады.

Безымянный

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

1997 XF 11 ғарыш объектісінің диаметрі 2,5 шақырым. Қазір ол жерден 25 миллион шақырым қашықтықта. Астероид 2028 жылы Жерге жақындап, үлкен апат орын алуы мүмкін.

Дәл қазір ғалымдар бұл туралы нық сеніммен айта алмай отыр. Ал NASA ғалымдары кездейсоқ соқтығысты болдырмау тәсілдерін іздеп, мәселені мұқият зерттеуде.

Ертеректе баспасөз беттерінде британ ғалымдары алдағы 5 жылда болуы мүмкін әлемдік апаттардың сценарийін құрғаны айтылған еді. Онда зерттеушілер Жер бетінің кем дегенде 750 миллион халқына қауіп төндіретін оқиғаларды жазған.

Олардың ойынша, ірі астероидтың құлауы немесе жанартаудың атқылауы секілді табиғи апаттар адамзат үшін үлкен қауіп төндіреді. Және айтылған қауіптердің бір де біреуіне адамзат қарсы тұра алмайды.

Компьютерлік модельдеу көмегімен ғалымдар астероид диаметрінің 1 шақырымының өзі орташа Еуропа елінің халқын жойып жіберетінін анықтаған.

Одан бөлек, болу мүмкін апаттардың алғашқы үштігіне синтетикадан шығатын өте қауіпті вирустар енген. Одан кейін ғалымдар салдары бәріне белгілі ядролық соғыс болады деп болжауда. Ал үшінші орында – машиналар көтерілісіне әкеп соғатын жасанды интеллект құрастыру тұр.

Талқылау