AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар планеталар шеруін көре алады

23-24 маусым аралығында бес планета Меркурий, Венера, Марс, Юпитер және Сатурн шеруі өтеді. Астрофизик Виктор Тейфель шығыс пен солтүстік-шығыстан доға болып созылып, түнгі аспанда бір қатарға тізілетін бірегей астрономиялық құбылысты қазақстандықтардың көре алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Tengrinews” порталына сілтеме жасап.

Ғалымның айтуынша планеталар шеруі таңғы сағаттарға түсетіндіктен қазақстандықтар осы планеталардың барлығын 23-24 маусымға қараған түні көре алады. Ең жарқын болып Юпитер мен Сатурн түн ортасында көрінуі мүмкін. Венера тек таңертең көрінуі мүмкін. Ал меркурийді таңертең немесе кешке күн батқаннан кейін көруге болады. 

"Көбінесе біз аспаннан екі-үш планетаны бір бағытта көреміз. Бірақ кейде өз орбитасында орналасқан планетаға қатысты бағыт шамамен 60 немесе 90 градус болатын салыстырмалы түрде кішкентай бұрыштың ішінде болады. Сол кезде біз бір уақытта аспаннан бірнеше планетаны көре аламыз", – деді астрофизик.

Шеру түннің ортасында пайда болатын Сатурннан басталады. Содан кейін Юпитермен таңертеңгілік уақытта жалғасады. Венера таңертең пайда болып, кейін күн шыққанға дейін  жүйенің алғашқы планетасы Меркурий көрінеді.



"Планеталар аспанда күннің айналасындағы тиісті орбиталарында орналасқан ретпен пайда болады. Бұл жағдайда Меркурий, Венера, Юпитер және Сатурнды көруге болады. Ай осы қатардағы жердің орнын көрсетеді", – деп түсіндірді астрофизик.

Space порталының хабарлауынша бұл планеталардан бөлек жерге ай да жақын көрінеді. Мысалы сенбі 18 маусымда ай Сатурнның оң жағында 6 градуста болды.

Сондай-ақ телескоптың көмегімен Юпитердің төрт спутнигі көрінеді. Олар түзу сызықта емес зигзаг конфигурациясында, барлығы планетаның бір жағында орналасқан. Юпитерден қозғала отырып, сіз Ио-ны көресіз. Одан кейін Еуропа, Каллисто және ең үлкені – Ганимедені көре аласыз.

Соңғы рет мұндай құбылыс 5 наурызда 1864 жылы болғандығы атап өтілді. Бұл күні барлық бес планета мен Ай жарқырап анық көрінеді. Сондықтан олар тіпті ластанған қалалар мен ауылдардан да көрінеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр