AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астық өндірушілер одағы: Қазақстандықтарға ұн экспортқа қарағанда қымбатқа сатылуда

Астық өндірушілер одағы соңғы екі жылда қазақстандық ұнды сатудан 128 миллиард теңге экспорттық кірістің жоғалуы мүмкін екенін айтты. Мамандар соңғы жылдардағы статистиканы салыстыра отырып, белгілі бір себептермен отандық ұнтақталған өнімдер ел тұрғындарына көршілерінен әлдеқайда қымбат бағаға сатылып жатқанын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар24” арнасына сілтеме жасап.

Айырмашылық $136 және одан жоғарыға жетеді. Отандық ұн Тәжікстан мен Өзбекстан тұрғындарына қарағанда қазақтар үшін қымбат. 

"Егер өткен жылы бірінші сұрыпты ұнның бір тоннасы ішкі нарықта орташа есеппен 428 доллар болса, шетелге 272-357 доллар аралығында экспортталды. Талдау бидайдың сол кездегі өзіндік құнымен байланысын ескере отырып жасалды. Қазақстан Өзбекстан мен Тәжікстанға ұнды шамамен 30-40 долларға арзанға сатқаны белгілі болды. Егер бұл елдерге жеткізілімдердің жалпы көлемін ескеретін болсақ, жоғалған пайда тек екі нарықта 40 миллион доллардан асуы мүмкін”,- деді астық өндірушілер одағының өкілі Евгений Карабанов.

Астық одағы экспорттық және ішкі бағалардың осындай айырмашылығы аясында ұн тартушылардың бидай экспортына баж салығы мен басқа да шектеулер енгізу туралы талаптарын әділ деп санамайды. Айта кетейік Қазақстанда астық пен ұнды шетелге сатуға шектеу 30 қыркүйекке дейін ұзартылды. Алдыңғы астық квотасының игерілуі белгіленген көлемнің жартысына жуығын құраса, диірменшілер 87% дерлік сатты.



“Әрине ауыл шаруашылығы өнімдерінің қымбаттауы жүріп жатыр. Астықтың қымбаттап жатқанын көріп отырмыз. Бірақ бұл объективті факторлар. Біз үш жылды талдадық. Диқандардың өнімін қымбатқа өткізетіндігін кінәлау кез келген адамға ұнайтыны анық. Бірақ байқағанымыздай мәселе тек шаруаларда емес. Жалпы мәселе осы нарықтарды ұйымдастыруда”,- деп қосты Карабанов.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі астық өңдеуден кейіні дайын өнімге баға белгілеу үдерісіне ықпал ете алмайтынын хабарлады. Нарық ережелері бар, бизнес әдетте өзіндік құнын есептейді. Мамандар бұл жерде бақылауды сауда министрлігі, кеден органдары, жергілікті әкімдіктер көбірек жүргізуі керек екенін айтады.

Ал астық өндірушілер одағы биылғы жылы да осындай талдау жүргізбекші. Олардың байқауы бойынша Қазақстанда ұн қазірдің өзінде кем дегенде 25 пайызға қымбаттап кеткен. Бұл қаншалықты орынды және оны шетелге сату соншалықты қымбат па оны мамандар жақын арада анықтауы керек. Одақ өкілдері жағдайға уәкілетті мемлекеттік органдар араласып, тексеру жүргізу қажет деп есептейді.

“Бағаларды реттеу керек шығар. Неліктен біздің азаматтар ұнды шетел азаматтарына қарағанда қымбатқа сатып алуы керек. Бұл қалыпты емес. Экспорттық баға әрқашан ішкі нарықтағы бағадан кем дегенде көлік шығындарының сомасына қымбатырақ болуы керек”,- деді Карабанов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр