Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астананың "Барыс" клубы ҚХЛ плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен ресми түрде айырылды

_Барыс_ хк Фото:”Барыс” хк

Астаналық "Барыс" Барыс Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) плей-офф кезеңіне қатысу мүмкіндігінен айырылды. Осылайша клуб төртінші маусым қатарынан плей-оффқа шыға алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл "Сибирь" Сибирь командасының "Куньлунь Ред Стар" Куньлунь Ред Стар клубын 2:1 есебімен жеңгеннен кейін белгілі болды. Себебі "Барыс" Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде сегізінші орында тұрған "Сибирьді" қуып жету мүмкіндігінен айырылды. Алты тур қалғанда астаналық клуб қарсыласынан 13 ұпайға артта қалып отыр.

Өткен маусымдарда "Барыс" клубының нәтижесі көңіл көншітпейді:

    •    2021/2022 маусым: ҚХЛ плей-оффына қатысып, 1/8 финалда Магнитогорскінің "Металлург" командасына 1:4 есебімен жеңілді. Сол жылы "Металлург" Металлург турнирдің финалисі атанды.

    •    2022/2023 маусым: Шығыс конференциясында соңғы орын, 61 ұпай.

    •    2023/2024 маусым: 50 ұпай.

Маусым аяқталғанға дейін "Барыстың" алты ойыны қалды. Соның біреуінде өз алаңында "Адмиралды" (16 наурыз) қабылдайды. Қалған матчтарда "Сибирьге", "Амурге" және "Куньлунь Ред Старға" сырт алаңда ойнайды.

Бұдан бөлек, тағы екі рет "Адмиралмен" кездеседі. Осылайша астаналық клубтың маусымдағы соңғы ойыны 20 наурызда өтеді.

“Барыс” хоккей клубындағы бұл масқара көрсеткіш қашанға дейін жалғасары белгісіз.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 06 Наурыз, 2026 01:54