Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналықтар теміржол вокзалына қала ішілік пойызбен қатынайтын болды

Болашақта әуежай мен «Нұрлы жол» теміржол вокзал арасын жалғайтын жеңіл рельсті пойыз қатынайтын болады. 18 бекетке тоқтайтын көлік қаланың көрікті жерлерімен өтпек.

20170818055647

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Әзірге жобасы жасалып жатыр. Бұл туралы жаңа вокзал кешені директорының орынбасары Нұрлан Аманжолов мәлімдеді.

Тәулігіне 35 мың адамға қызмет көрсетуге қауқарлы теміржол сапаржайында жолаушыларға бар жағдай жасалған. Вокзал басшылығы соңғы кезде әлеуметтік желілерде таралған сын-ескертпелердің қисынсыз екендігін айтты. Әр қабатта арнайы ана мен бала бөлмелері, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жол жолақтары, тіпті брайл қарпімен жазылған ақпараттар да бар. Әрі тамақтану орындары мен дүкен желілері де ашылған. Шетелдік қонақтарға арналған ақпараттық бұрышта тегін карта да таратылады. Сондай-ақ орталықтан жаңа теміржол бекетіне дейін 9 қалалық автобус қатынайды.

«Бұл вокзалда жолаушыларға барынша жағдай жасалған, ерекшеліктері бар. Жаңбыр, еріген су жинақталып, тазартылып, жасыл желектерді суаруға жұмсалады. Бұл ауызсуды үнемдейді», – дейді технологиялық процесті ұйымдастыру бөлімі басшысының орынбасары Ғалия Нүскеева.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда 21 жастағы жігіт ақылынан алжасқан анасымен бірге тоғайда тұрып жатыр

Елімізде енді 2 жастан асқан сәбилер де жұмысқа тұра алады

Мағжан Жұмабаевтың құпияланған қолжазбасы Астанадағы көрмеге қойылады

ОҚО-да тойда аспанға оқ атқан жігіттер келінді жаралап алды

Талқылау