Астаналық жігіт 500 теңгенің затын алып 19 500 теңге пайда көрген
Астана дүкендерінің бірінде алаяқ жігіт сатып алушыны алдап 19 500 теңге алып кеткен. Сатушыны шатастырған.
ІІД-нен. Күдіктінің суреті.
Бұл туралы Елорда Инфо жазды деп хабарлайды Stan.kz.
“Жігіт 10 мың теңгемен есептесіп жатқан сияқты түр жасап, сатушыға оны бермеген. Сатушы оған 10 мың теңге және қаайтарымын берген. Сөйтіп 19500 теңге қолды қылған”, – дейді ІІД өкілі.
Дүкен Республика даңғылында орналасқан.
Дүкен сатушысы алаяқтық жолмен тауар сатып алып, алдап кеткен жігіт туралы полицияға айтып, арыз жазды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190 бап (алаяқтық) бойыншаа іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізілуде.
«Егер күдікті туралы ақпарат білетіндер болса, алматы ауданының ІІБ-на немесе 8 (7172) 71-67-90, 102 нөмііне хабарласуын сұраймыз», – дейді Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз:
Ақтауда 21 тұтқынға тосқауыл болған сарбаздың ерлігі фильмге арқау болды
Оғыз Доған: Өзім түрік болсам да, қазақ қыздарының түріксымақтарға тұрмысқа шығуына қарсымын
Елімізде ең ұзақ есімімен танымал Ақпантоқпантұрарқожа сотталғалы жатыр
Ақтөбе тұрғыны жын жайлаған үйден отбасымен бірге қалай қашып құтылғанын айтып берді