Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық төртемнің анасы олардың суретін көрсетіп, қызықтарын айтып берді

Астана қаласының тұрғыны Салтанат Спанова алғаш рет төртемдерінің суретін көрсетіп, олардың жағдайы туралы жазды.

егіздер

Бұл төртем 2016 жылы Астана қаласында дүниеге келген еді.  Желтоқсанның 2-сі күні 2 ұл және 2 қыз бала бірден дүниеге келген еді. Олардың есімдері: Әлихан, Әрсен, Диара, Адель. Асхат пен Салтанат тұңғыштарын ұзақ күткен, жүкті екенін біліп қуанған кезде ерлі-зайыптылардың қуанышы төрт еселене түскен.

Шілденің 2-сі күні төрт бала сегіз айға толды. Анасы олардың жасына сай жақсы өсіп жатқанын хабарлады.

«Тура қазір балалар жылдам өсе бастаған сияқты, отыруға дайындалып, қозғалысымыз көбейді. Күн санап жаңалық ашып отырамыз. Серуендеуге шыққан кезде айналаға көз салып, адамдардың қимыл-қозғалысына мән беретін болдық. Кейде жұрт «Төртемдер, жүздеріне қарасақ болады ма» деп сұрап, суретке түсіп алады»,-дейді балалардың анасы.

әйел суреттегі балаларды шатастырып алмау үшін «Қыздар әкесінің қолында, ұлдар менімен» деп жазған.

Бірден көпбалалы атанған Салтанат балалардың мінезі төрт түрлі екенін айтты.

«Бірінші шыдамсыздау екі баланы тамақтандырамыз. Әр үш сағат сайын тамақтандырамыз. Бізде Диара шапшаңдау. Қалағанын айқайсалып болсын түсіндіруге тырысады. Әрсен болса салмақты, айналаны шолып, тамашалап отырады. Әлихан әндеткенді жақсы көреді. Өз тілінде үнемі ән салып отырады. Адель тек өз қалауымен жүреді. Ұйқысы келсе сол жерде көзін іліп алады»,-дейді Салтанат.

Бірден төртемнің ата-анасы атанған ерлі-зайыптыларға балаларды қарауға күтуші мен әжелері көмектеседі екен. Кешке балалардың туысқан әпкелері келіп тұрады. Ата-анасы төрт баланы әсіресе серуендеуге алып шығатын кезде қиналады екен. Олар тіпті өздеріне ыңғайлы болуы үшін тұрғылықты жерлерін де ауыстырыпты. Бұл отбасының өздерінде баспана жоқ. Пәтер жалдап тұрады.

егіздер1

Балалар алғаш дүниеге келген кездегі сурет.

«Біз жеделсатыға бірден сыймаймыз. Балалардың арбасының өзі жеделсатыдан үлкен. Бұл мәселені  соңғы үлгіде салынған тұрығ үй кешеніне көшіп шештік. Бізде өзіміздің үйіміз жоқ. Үкіметтің бір көмегі, тіркелген емханадан балалардың тамағын алып тұрамыз.  Сол көмекке де рахмет. Қалғанының бәрі жақсы. Төрт баланың күлкісін көргенде барлық қиындықты ұмытып қоябереді екенсің. Бастысы балалар ауырмаса екен»,-дейді Салтанат  Спанова.

Оқи отырыңыз:

Тәуекел Мүсілім сүйіктісі туралы алғаш рет ашық әңгімелеп берді

Биыл елімізде қандай мамандықтарға грант саны көп беріледі?

Олжас Сүлейменовтің қызы жартылай жалаңаш киінгені үшін елдің сынынан қалды (фото)

Құмалақшы әже автомат ойынын ойнап өз қасиетін сынап көрді (видео)

Талқылау