Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық студенттің эротикалық суреттерін желіге сүйіктісі таратқан

Қыстың суығында элиталық тұрғын үй  кешенінің алдында жалаңаш суретке түскен студент  болған жайт жайлы толық айтып берді, деп жазды Sputnik Қазақстан.

студентка

20 жастағы студент қызға қатысты осы жағдай Астананың ауданаралық әкімшілік сотында қаралды.

Қыз Астанадағы  Қалдаяқов көшесінің бойында орналасқан «Лондон» тұрғын үй кешенінің автотұрағында 31 қаңтар күні жалаңаш

суретке түскен. Студент сол күні өзінің сүйіктісі жаңадан  Hummer көлігін алғанын айтады. Әдемі суретке қол жеткізу үшін өзі сол жерде шешінген, ал жігіт оны суретке түсірген. Оның сөзінше суретті көпшілікке емес өздеріне арнап жасаған. Сол арада жігіт WhatsApp желісі арқылы «көлікке қызығушылар» тобына осы суреттерді жіберіп қояды. Сотта қыз өз айыбын түсініп, алдағы уақытта қайталамауға уәде берген.

«Бұл іс қоғамдық тәртіпті бұзу, жалпыға ортақ  салт пен дәстүрге,ережеге  бағынбау бабы бойынша қаралды»,-делінген сот үкімінде.

Құжатта «Қыз  орташа  деңгейдегі бұзақылық жасап, айналасындағыларға құрметпен қарамай, қоғамдық тәртіпті бұзды» делінген

Сот студентке 10 АЕК көлемінде айыппұл салды. Яғни 22 мың 690 теңге. Енді қыз сот үкімі шыққан 30 күннің ішінде айыппұлды төлеп тастауы керек.

Желі мен WhatsApp желісінде тараған студенттің жалаңаш суреті үлкен талқыға түскен еді. Жастар жағы  қыздың тауылып, жауапқа тартылып жатқанына өкінетіндерін жазған еді.

Бұған дейін жалаңаш суретке түскен қыздың кім екені анықталғаны жайлы жазған едік.

Оқи отырыңыз:

Қазақ әйелінің күйеуімен ажырасуына абысыны себепші болған

Қан әлсіздігінің белгілері: Ем ретінде ұсынылатын тағамдар

Димаш Құдайбергенов «Америка дауысына» шақырту алды

Продюсер Ерік Тәстембеков Қазақстанда жасалған сағат шығара бастады

Талқылау