Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қан әлсіздігінің белгілері: Ем ретінде ұсынылатын тағамдар

Қан әлсіздік дегеніміз – салқын қан жетіспеу. Дене қуатынан айырылудан келіп шығатын патологиялық құбылыс. Үнемі кезігетін қан әлсіздік үш түрге бөлінеді.

ustalost-ot-zhizni

1. Қан түкіру, қан құсу, үлкен дәретпен, несеппен бірге қан келу, етеккір көбею. Туыттан кейінгі қан кету немесе жарақаттанудан қанау сынды көптеген қан кетуден болатын қан әлсіздігі.

2. Ұзақ уақыт созылмалы ауруларға шалдығудан немесе ішекте паразит құрт ауруы болуы себепті қан көп жетіспеуден болатын қан әлсіздігі.

3. Асқазан, көкбауыр қызметінің әлсіздігінен, ас қорта алмаудан, ас сіңбеуден, тағамның қоректік нәрі қанға өте алмай, немесе тағамның түрі аз болып, витаминдік қоректіктердің жетіспеуі, қандағы оттегі жетіспеуі, қатарлы қан құармының келу қайнары азаюынан келіп шығады.

Қан әлсіздігінің басты белгісі – өңі ағарады немесе сарғаяды. Ерні, тырнағы қан жетіспуденш көкшілдейді. Мұнадй ауруларда үнемі бас айналып, көз шыбарту, жүрегі қағып, нервсі шаршау сияқты белгілер болады және қол-аяқ ұйып, есінен танады. Түн ортасында ұйқысы қашады. Көп түс көреді. Тілік көкшілдеп, тілінің үстіне жұқа ақ өңездер пайда болады. Тамыр соғуы жіңішке әрі әлсіз болады. Қан әлсіздік ауруын негізінен қан толтыру әдістерімен емдейді.

Үнемі қолданылатын қан толықтайтын тағамдар – Аю балдырғаннан жасалғаған дәрілік тағамдар, алма шырыннан, ақ шұғынық, пықсқан оймақ гүл, араб желімі араласқан тағамдар, кептірілген бала жолдасынан жасалған тағам, ұлар, бөдене, дәрілік тауық еті сорпасы қатарлы нәрлі қуаттық витаминдік тасамдар, деп жазады медицина ғылымдарының докторы Жасан Зекейұлы желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Көздің қанталауы: себебі мен айығу жолдары

Жауқазынды туберкулез бен дененің сарғаюына қарсы ем ретінде қолданады

Түрлі дертпен ауыратын жандар қандай тағамдар жеу керек

Бетіңізге түскен әжімдер арқылы қай мүшеңіз ауыратынын біле аласыз

Талқылау