Астаналық студенттер жол апатына түсіп қаза болды
Алматы-Екатеринбург тас жолында жігіттер мінген автокөлік жағаға шығып аударылып қалды.
Ақмола облысында елордалық жоғары оқу орынның студенттері жол апатына түсіп, екеуі қаза тапты, деп хабарлады Sputnik ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты 31 шілде күні таңертең Астрахан ауданы Жалтыр кентінен бір шақырым жерде Алматы-Екатеринбург тас жолында болды. Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Астанадан Атбасарға бара жатып, жолдан шығып, көлігін аударып алды.
Жол апаты салдарынан 20 жастағы жүргізуші мен 20 жасар жолаушы көз жұмды. Екінші жолаушы жарақаттармен Астрахан орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.
Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды. Mercedes-Benz көлігінде болғандардың барлығы жоғары оқу орындарының 2-курс студенті, елорда тұрғындары.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстандықтар қандай жағдайда УДЗ (УЗИ), рентген мен томографиядан тегін өте алады
«Иегова куәгерлері» әжейге өлген соң марқұм ұлыңмен кездесесің деп үйін өз аттарына жаздырған
Мейрамбек Бесбаев «астарлы саясат» жүргізіп отырған «Гәкку» арнасының былығын әшкере қылды