Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық келіншек 8 жылдан бері алименттен қашқан күйеуін іздеп жүр

Жанар Байменова бүгінде бір баланың анасы. Осыдан 8 жыл бұрын Бақытжан есімді жігітпен азаматтық некеде тұрып, бір қыз туған. Екеуі 9 айдан кейін ажырасып кеткен. Осы уақыт ішінде келіншектің азаматтық некедегі күйеуі қызын іздеп келмеген. Тіпті, оған өз тегі мен атын беруден бас тартыпты. Осы орайда, келіншек тікелей эфирде оның атын айтып, алимент өндіргісі келетінін жеткізді.

вса

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Күйеуіммен бірге бір-ақ жыл тұрдым. Бұдан кейін тұрмысқа шықпадым. 8 жастағы қызым қайта тұрмысқа шығуыма қарсы емес. Әкесі туралы мүлдем сұрамайды. Тек мені жақсы көреді. Қасында мен болсам жеткілікті. Ал әлгі күйеуім алимент төлемей, бізден қашып жүр. Қызын іздеп келген емес”, – дейді Жанар ханым.

Келіншек күйеуімен заңды түрде некелеспеген. Алайда, қазақстандық заңгер осыған қарамастан, оның алимент өндіруге құқығы бар екенін айтып жатыр.

“Азаматтық неке болсын, ресми неке болсын, ол алиментке ешқандай әсер етпейді. Жолдасыңыздың тұрғылықты мекен-жайы бойынша, сотқа талап-арыз беруіңіз керек. Сіздің жағдайыңызда әкелікті тану, алимент өндіру мәселелері қарастырылады. Неке дегеніміз – өзара келісім. Кейбіреуі оны заңдастырады, енді екіншілері осылай азаматтық некеде тұра береді.

Сіз талап-арыз берген соң, сот екі жақты бірдей шақырады. Азамат баласын бірден мойындаса, сот шешім шығарады. Мойындамаған жағдайда ДНҚ сараптамасы жасалады. Аталған сараптама борышкердің есебінен жүргізіледі. Ол мәселеге қатысты уайымдамасаңыз да болады. ДНҚ қорытындысы оның қызыңыздың әкесі екенін растаған жағдайда, ХҚКО-ға барып балаңыздың құжаттарына әкесінің атын жаздыруыңызға болады. Осы құжат қолыңызға тиген кезде, алимент өндіре аласыз. Күйеуіңіздің толық аты-жөнін білсеңіз, оны жергілікті полиция базасы арқылы таба аласыз”, – дейді заңгер Айнұр Махметова.

Жанар Байменова алимент алғысы келгенімен, күйеуі мен оның туысқандарын ұятқа қалдырғысы келмейтінін айтады. “Толық аты-жөнін білемін. Бірақ, қайда тұратынынан бейхабармын. Екеуіміздің айырылысуымызға оның қызқұмарлығы себеп болған. Бастапқыда өз еркімізбен бірге тұрдық. Ол әртүрлі жұмыстар істеп жүрді. Аты-жөнін тікелей эфир арқылы айтпай-ақ қояйын. Мені көріп, санасы, ар-ұяты оянатын шығар?! Ал енемнің аты – Табыс. Өздері осы Астана қаласының тұрғындары. Бұрын Қарағанды облысының Тапар деген жерінде тұрған Кейін Астанадан Қоянды деген жерден жер алып, үй салды. Күйеуімнің аты – Тоқтарбек. Мені естіп, ұяттары оянса, ДНҚ сараптамасын жасатайық”, – дейді келіншек.

Жанар ханымның бұл сөздері Ләйлә сұлтанқызы мен психолог Марал Сарбасқызын қанағаттандырмады. Тележүргізуші оған көзілдірігін шешуді ұсынса, психолог маман жауапкершілігі жоғын сөз етіп, ұрысып тастады.

“Сіз қызық адамсыз. “Осы жерге күйеуімді табу үшін келдім. Мені көріп, ұяттары оянса” дейсіз. Бұл жерде бірінші орында сіздің намысыңыз тұрған жоқ, сіздің қызыңыздың болашағы тұр. Алған қаражатқа сіз қызыңызды өсіріп, тәрбие бересіз. Барамын-бармаймын, өзі келеді деп шеше алмайсыз. Сіз және сіздің азаматыңыз мойындарыңызға жауапкершілік алуға тиіссіздер. Өкінішке орай, екі жұп екі жаққа кеткен кезде, әркім өзін ойлап, бір нәрсені ұмытып кетеді. Бала шетте қалып қояды. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да – бұл сіздің міндетіңіз.  Қаражатыңыз болып, қызыңызды толық асырай алсаңыз, қызыңыздың қажеттілігін материалдық, моральдық тұрғыдан қанағаттандыра алсаңыз, сізге сөз жоқ. Қаражатты өзіңізге емес, қызыңызға алатыныңызды ұмытпаңыз. Екіншіден, сіз өзіңізге не керегін білмейтін сияқтысыз. “Бірге тұрдық. Оның қызқұмар екенін басында білсем де, көз жұма қарадым» деп отырсыз. Арада 8 жыл өтті. Анализ қорытындысын жасатататын уақыт болды емес пе?! Қазір эфирге не үшін келіп отырсыз онда?”, – дейді психолог маман Марал Сарбасқызы.

Осы сөздерден кейін ғана Жанар Байменова күйеуінің толық аты-жөнін айтып, алиментке зәру екенін сөз етті. “Мен оны тауып, алимент өндіріп алғым келеді. Жүре бермей, бізге де көмектессін. Бала маған ғана керек емес шығар?! Аты-жөні – Тоқтарбек Бақытжанов. Мен үшін ең бастысы – соларды тауып алу болып отыр. Артынша, заң жүзінде алимент өндіретін боламын”, – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жас келіншек қорқытып ұстап отырған күйеуінен қалай қашып кетерін білмей жүр

Келіншек қайын інісіне опасыздық жасаған абысынын жөнге сала алмай жүр

Келіншек сыртынан күйеуіне екінші әйел алып қойған ата-енесіне ренжіп жүр

Келіншек өзінен 15 жас кіші қыздармен опасыздық жасайтын күйеуінен құтыла алмай жүр

Талқылау