Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық ер адам көшеде әйелді соққыға жықты. Адамдар көмекке келмей, қарап тұрды (видео)

Астана полициясы әйелді көшеде көпшіліктің көз алдында ұрып-соққан ер адамды ұстады. Оның әйелдің сабап жатқан сәті сырттағы бейнебақылау камерасын түсіп қалған, деп жазады Stan.kz.

Астаналық ер адам көшеде әйелді соққыға жықты. Адамдар көмекке келмей, қарап тұрды (видео)

Елордадағы iKomek байланыс орталығының қызметкерлері аталған видеожазбаны жариялады.

Видео кадрларында әйелдің қоғамдық орында таяқ жегені көрінеді. Алайда сол жерде болған басқа да тұрғындар оған араша түспеді.  Видеожазбада ер адам жолдың жүргіншілерге арналған жолағының маңында әйелге жақын келіп, оны күртесінен ұстап, бетінен ұрып жібереді. Осы кезде құлап қалған әйел қарсылық танытуға тырысқан. Алайда ер адам оны ұруын жалғастыра берді. Сол жерден бірнеше метр қашықтықта 5 ер адамның тұрғаны байқалады. Олар көмекке келудің орнына, үнсіз ғана бақылап тұрған. Тіпті, әйелге көмектесуге де тырыспады.

Арада бірнеше минут өткеннен кейін оқиға орнына полицейлер келді. Кадрлардан ер адам тәртіп сақшылары келгеннен кейін әйелмен татуласуға тырысып, оны тағы да жұлқылағаны көрінеді.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Оператор iKomek (@astana109)

Видеода жазылған титрде «күн сайын 10 қазақстандық әйел зорлық-зомбылық көреді» деп жазылған.

«Ұру деген – бап. Үнсіз қалма!» – делінеді жазбада.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр