Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық әйел дәрігерлердің қателігінен бір омырауынан айырылды

Астана қалалық сотында дәрігерлерді кінәі екені дәлелденді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматша Е. астаналық клиникалардың бірінде маммолог дәрігердің тексеруінен өткен. Бұған қоса, дұрыс диагноз қоймаған дәрігердің кәсібилігінің төмендігінен әйелдің оң жақ сүт безі алынып тасталған. Алайда, қатерлік ісік диагнозы қойылған оң жақ сүт безіндегі ісік қатерсіз болып шыққан.

«Астана қалалық соты Есіл аудандық сотының шешімімен клиникадан материалдық шығын мен моральдық залал өндіріп алынды. Сонымен қатар Астана қалалық азаматтық істер жөніндегі сот алқасы моральдық залал көлемін ұлғайтты. Шешім заңды күшіне енді», – делінген таратылған ақпаратта.

Тағы да оқыңыз:

Оқушы қызға азғындық жасады деп сотталған қызылордалық мұғалім түрмеден хат жазып жіберді

Мақпал Жүнісова өзіне өмірлік серік іздейтінін жасырмады

Ақтөбе облысында мүгедек баланы дүниеге әкелген әйелді күйеуі мен қайын атасы үйден қуып шықты

Талқылау