Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық дәрігерлер тірі баланы, "өлі туылды" деп құжат толтырып берген

Астаналық дәрігерлер жаңа туған сәбиді ата-анасымен үйіне жіберіп, ал құжатқа "өлі туылды" деп жазып берген. №2 көпбейінді аурухананың ақ халаттылары қалай қателікке бой алдырды? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеп хабаралайды. 

кара

25 жастағы келіншектің ай-күні толып 21 қазанда қыз баланы кесір тілігі арқылы дүниеге әкеледі. Ана мен баланы 5 күннен соң перзентханадан шығарыпты. Ал құжаттарда "бала өлі туылды" деп толтырып берген.

"Жоқ, балам өлі туылған емес қызым үйде күйеуім қарап жатыр деген кезде сіздің выпискаңызда бала өлу туылған деп тұр дейді", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Темірлан Ырыскелдіұлы. 

Бірақ мұнымен іс бітпепті. Күйеуінің айтуынша, үйге шығысымен әйелінің жарасы іріңдеген. Тіпті, дене қызуы 40- градусқа дейін көтеріліп, есінен танып қалғанын айтты. 

"Шыққан кезде қатты ауырып шықты.  Күніге іріңдеп тұрды, күніге өңдеп тұрдық. Өздерінің жұмыстарында тиісті жазасын алуы керек. Себебі жазасын алмайтын болса, ол кейін де қайталанады. Баласын жоғалтып алуы мүмкін дегендей ғой", - дейді жас әке.



Жаңа туылған сәбиге "Томирис" деп есім берген. Ол ана сүтімен емес дәріханадағы қоспамен тамақтануда. Қазір оған нағашы әжесі қарап отыр. Айтуынша, қызы жарасы іріңдей бастаған соң  дәрігерлерге барған. Бірақ олар уақытылы көмек көрсетпей, бір-біріне сілтеп жіберген. 

"Басқа хирургияға барсын деп айтқан. Ол баласын көтеріп біз жоқпыз өзі жүрген. Жолдасы жұмыста болған. Перзентхана жауап беру керек. Бұларды жаздырмай шығарып жіберген. Ал ішіндегі іріңі мен суы кетіп жатыр мама деді", - деп күйінді әжесі Айсұлу Исабекова.

Дәрігерлер болса, бізден ағаттық кеткен жоқ деп ақталды. Құжатта жіберілген қателікті мойындап, ата-анасынан кешірім сұрапты.

"Техникалық ақау бойынша "баланың өлі туылды" дегені туралы жазғаны үшін біз басымызбен көтереміз. Отбасынан, әкесінен кешірім сұрады дәрігер. Оған тәртіптік жаза - сөгіс жарияланды. Ол кісі 6 ай бойы ешқандай премия ала алмайды. Тек қана өзінің айлығына жұмыс істейді", - дейді Нұр - Сұлтан қалалық №2 көпбейінді аурухана директорының босану жөніндегі орынбасары Ербол Әубәкіров.

Дейтұрғанмен, қазір жас ананың денсаулығына төнген қауіп сейілген. Ақ халаттылар ішкі ағзаларына ешқандай зиян келмеген деп отыр. Ем-домын әлі жалғастыруда.  

STAN.KZ
Бейсенбі, 05 Қараша, 2020 20:40
Талқылау