Астаналық бүлдіршіннің түрік балаларына жіберген ақша қобдишасы елшілікті елжіретті
Астаналық бүлдіршін ақша жинаған қобдишасын Түркиядағы балаларға көмек ретінде жіберді. Оның бұл ісі түрік елшілігінің жүрегін елжіретті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап.

Түркия елшісінің байланыс жөніндегі кеңесшісі Махмут Шевкет Байрам зілзаладан кейін бірден көмек қолын созған қазақстандықтарға алғысын айтты. Сонымен қатар астаналық қыздың да түрік балаларына жіберген қолғабысы елжіреткенін алға тартты.
"Бұл қобдишаны бізге өте кішкентай қыз берді. Ол Түркиядағы балаларға ақшасын жібергісі келетінін айтты. Осындай таза ниетті балақайдың болашағы жарқын болатынына сенімдіміз", – деді Махмут Шевкет Байрам.
Сондай-ақ, ол қазақстандық еріктілердің апатты аймақтарда тапшылығы болған жылжымалы электр генераторлары, шатырлар мен жылытқыштарды тез арада жеткізгенін айтты.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған