Астаналық белсенділер қоқыстан әкім орынбасарының портретін жасады
Астанада "Жаңа адамдар" қозғалысының белсенділері қоқыстан Есіл ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Нөгербековтің суретін жасады. Олар бұл әрекетімен шенеуніктердің назарын елордадағы үйінділер мәселесіне аударғысы келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Белсенділер рейдтер барысында Астананың Есіл ауданында рұқсат етілмеген ірі қоқыс полигонын анықтады. Сөздерінше, әкімдік қоқысты тазалаймыз деп уәде бергенімен, орындамаған.
Жыл басынан бері Астанадан 221 заңсыз қоқыс полигоны анықталды.
"Есіл ауданында қоқыс мәселесін реттеу тек 2028 жылға жоспарланған. Демек бұл Capital Park тұрғын үй кешенінің тұрғындары кем дегенде тағы үш жыл қоқыстың жанында тұрады дегенді білдіреді. "Жаңа адамдар" аумақтың санитарлық жағдайына жауапты Есіл ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Нөгербековке жүгінді", – делінген хабарламада.
Белсенділер халықтың назарын аудару үшін полигон аумағында қоқыстан жасалған арт-инсталляция – әкім орынбасарының портретін жасады.
"Сіз астаналықтардың есінде қоқыс үйіндісі ретінде қалғыңыз келмейтініңізге сенімдіміз және заңсыз үйіндіні жою үшін нақты шаралар қабылдайды деп үміттенеміз", – деді жоба жетекшісі Бауыржан Аманов.