Астаналық әйел кәмелетке толмаған қыздарын террористерге тұрмысқа бермек болған
Фото: Pixabay.com
Астана тұрғыны Telegram арқылы террористік идеологияны таратып, Сириядағы лаңкестік топқа қосылуға әрекеттенгені үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астаналық әйел Telegram чатында діни қақтығыстарды насихаттайтын материалдармен белсенді түрде бөліскен. Сондай-ақ Сирияға бару жоспарын талқылады. Онда ол кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге бермек болған.
“Полиция қызметкерлері оны Түркия арқылы Сирияға ұшпақ болған кезде Алматы әуежайында ұстаған. Терроризмді насихаттағаны және тыйым салынған топқа қатысуға дайындалғаны үшін сот оны жеті жылға бас бостандығынан айырды”, – делінген хабарламада.
Прокуратура террористік ұйымдарға қатысу 17 жылға дейін бас бостандығынан, ал терроризмді насихаттау және зорлық-зомбылыққа шақыру үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертті.
Еске салсақ, ақтөбелік радикал кісі өлтіру намаз оқымаудан кішірек күнә деп насихат жүргізген еді.

"Оқушылармен бір vibe-тамын": Желіде тренд түсірген мектеп директоры жұрттың ықыласына бөленді
