Астанадағы тұрғын үй кешенінде өрт шығып, үш бала қаза тапты (видео)

Фото: Видеодан скрин
12 сәуірге қараған түні Астана қаласындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жетті. Олардың мәліметінше, пәтер жалын қатты өршіп, жанған.
"Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Ол №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында кәмелетке толмаған үш баланың мәйіті табылды", – деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.
Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетінше шыққан.
Өрт толық сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
"Сондай-ақ әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза тапқан балалардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетіледі. Жағдай ерекше бақылауда", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін сыртқы істер министрлігінің өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, зауыттағы өрттен кейін табылған қалдықтар сараптамаға жіберілген, бірақ нәтижесі әлі дайын емес. Қазақстан азаматы ақпан айындағы ірі өрттен кейін жоғалып кеткен. Іс министрліктің ерекше бақылауында. Сондай-ақ Оңтүстік Кореяда болған осы оқиғада төрт қазақстандықтың қаза тапқаны хабарланған.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Оқыңыз