Астанадағы Сирия келіссөздері кезінде журналистер төбелес шығарды
Бірқатар араб БАҚ-тарының журналистері Астанада өтіп жатқан Сирия келіссөздері кезінде жанжал шығарды.
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Қазіргі таңда Астанада Сириядағы қарулы қақтығысты тоқтатуға бағытталған келіссөздер жүріп жатыр.
Белгілі деректер бойынша, жанжал көпшілік алдына БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі және ресми Дамаск делегациясының басшысы Башар әл-Джаафари шыққан кезде орын алған. Осы уақытта операторлардың бірі өзінің түсірілім жасауына басқа бір адамның басы кедергі келтіріп тұрғанына наразы болған.
“Бір уақытта журналистер араб тілінде айқайлап жанжалдасып қалды. Бірақ, оларды жылдам тынышталдырды”, – делінген хабарламада.
Ал Башар әл-Джаафардың өзі орын алған оқиғаға қатысты ешқандай жауап қатпаған.
Оқи отырыңыз:
Жаңа министр Мәскеуде жұмыс істеп жүріп қазақ тілін ұмытып қалған
Айсұлтан Назарбаев Жақсыбеков пен Тасмағамбетовке қарсы шықты
Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы ұсталды