Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы оқушы өлімі: Полиция сараптама нәтижесін алды

Қазіргі уақытта жасөспірім өлімінің екі себебі бар: жүрек жеткіліксіздігі және сыныптасының итеріп жіберуі.

825392

Фото: Сайд Царнаев

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Полиция Астанадағы сегізінші сынып оқушысы өлімі бойынша сараптама қорытындысын алды деп хабарлайды ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

2002 жылы туылған оқушы 30 қараша күні күндіз №59 мектеп кабинетінде өлі күйінде табылған, денесінде зорлық-зомбылықтың анық белгілері болмаған еді.

“Сегізінші сынып оқушысының өлімі бойынша сараптама қорытындысын алдық, қазір шешім қабылдағалы жатырмыз. Балаға қатысты тергеу тоқтатылатын болады, бірақ мұғалімдерге қатысты әлі ойланамыз, тексеру жүргіземіз”, — деді Қасымов тілшілерге жалпы отырыстан соң.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында қарттар үйі қызметкерлерінің мүгедектерді қалай қорлап келгені әшкере болды

Алматыда қатыгездікпен өлтірілген баланың әкесі ортақ қыздары үшін әйелді кешіруге дайын

10 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам Алматы облысынан табылды

Талқылау