Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қатыгездікпен өлтірілген баланың әкесі ортақ қыздары үшін әйелді кешіруге дайын

Алматыда 11 жасар Өркен Азаматұлын өлтірген әйел негізі оның әжесіне қол жұмсауды жоспарлапты. Бұл туралы баланың әкесі Азамат Кемпірбаев айтып отыр.

20170123145618

Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлайды.

Оның сөзінше, қылмысқа тапсырыс берген әйелдің туған балалары Өркеннің әжесін бірнеше күн бойы аңдыған. Алайда өлтірудің сәті түспеген соң, назарға Өркеннің өзі ілінген.

“Міне бұл бала оның бірінші некесінен және оның өгей ағасы мені аңдыған болып тұр. Сосын олар менің анамды өлтіргісі келеді, алайда ол да жүзеге аспайды. Анам өзін аңдыды деп ойламаған, менің ізіме түсіп жүр деп ойлапты. Ал мен қайдан білейін, егер білген болсам мұндай қайғы болмас еді”, – дейді Азамат Кемпірбаев.

Баланың денесі табылған мекен-жайды әйел біраз уақыт бұрын ғана жалға алған екен. Ол жерде біржарым жылдан бері Өркеннің өгей шешесі өз қызымен бірге тұрған. Ал Азамат Кемпірбаев болса ортақ үш жасар қыздары үшін әйелді кешіруге дайын секілді.

Бұған дейін Өркенді өлтірді деп ұсталғандардың бірінің екінші сәбиіне екіқабат екенін айтқан едік.

Бұған дейін полиция өгей шешенің өш алу үшін баланы ұрлап әкетіп өлтіргенін хабарлаған еді. Әйел қанды іске тіпті өзінің туған балаларын да араластырған. Еске сала кетсек, 11 жастағы 6 сынып оқушысы 19 қаңтар күні жоғалып кетеді. Баланың жоғалғаны туралы оның әжесі сол күні кешке полицияға шағым түсірген.

22 қаңтарға қараған түні Өркен Азаматұлының денесі Наурызбай ауданындағы саяжайлардың біріндегі жерасты ғимаратынан табылған.

Оқи отырыңыз:

Оңтүстіктің тұрғындары солтүстікке көшіп келгендеріне өкініп отыр

Министр қытайлықтарға қанша қазақ қызының тұрмысқа шыққанын жариялады

Ақмола облысында жоғалып кеткен оқушы қыз Шымкенттен табылды

10 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам Алматы облысынан табылды

Талқылау