Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы Нұра-Есіл каналында пиранья балықшыны тістеп алды

Балықшы Мұса Хасанов Астана қала маңындағы Нұра-Есіл каналында кездейсоқ балық аулады.

2929748

“Балық аулап отырып, балық ұстап алдым, қолыма ұстасам, ол мен тістеп алды, қатты қолымды тістегені соншалықты қанап кетті. Қарасам, біртүрлі балық, бұрын соңды мұндай балық көрген емеспін бұл жерден. Жігіттер (өзге балықшылар) оны пиранья деді. Содай-ақ, ондай балықты мұнда ұстағандарын айтты”, — деді Мұса ата Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Балықшылардың сөзіне қарағанда, бұл осы жазда қамаққа түскен екінші қызыл пиранья екен. Біріншісін бір ай бұрын осы каналда ұстаған. Олардың болжауынша, жыртқыш балықтарды каналға өз аквариумдары үшін сатып алған бұрынғы иелері жіберген болуы мүмкін деп санайды.

Сондай-ақ балықшылар жыртқыш балықтың жергілікті суда емін-еркін жүргендеріне алаңдаушылық білдіреді, өйткені бұл балық тез көбейіп, топтап жүріп өзге балықтың көбеюіне қауіп төндіреді екен.

Тағы да оқыңыз:

Құрбан шалуға қатысты әр мұсылман білуі тиіс 12 дерек

Пайдамды тигізгім келеді: Әнші мұқтаж отбасыға азық-түлік әкеп берді

Астанадағы көпқабатты үйдің ауласынан қыздың денесі табылды

ОҚО-да балабақша тәрбиешісі 5 жасар баланы аяусыз ұрды деп айыпталуда

Талқылау