Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы «Магнумда» шіріген мандаринге қатысты тексеру жүргізілетін болды

Астанадағы «Магнум» сауда орталығында шіріген мандариндер сатылымға қойылған. Соған қатысты қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізеді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

«Қалада үш «Магнум» бар. Оның екеуі Алматы, бірі Сарыарқа ауданында орналасқан. Біз қазіргі уақытта пәрмен беріп қойдық. Сарапшыларымыз ертең түске дейін қажетті ақпараттарды алады. Ертең олар арнайы «Магнумға» барып, бәрін өз көзімен көретін болады», – дейді Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары Мейрам Молдашев.

Тексеріс жүргізуге әлеуметтік желіде тараған сурет себеп болып отыр. Суретте сауда сөресіндегі сырты қарайған мандариндер анық көрінеді. Онда «Жаңа жыл кезінде «Магнум» шіріген мандаринді саудалады» деп жазылған.

Мейрам Молдашев сонымен бірге, тұрғындарға әлеуметтік желіде наразылықты білдіре бермей, нақты шағымды Комитетке жазуға шақырды.

«Біз өзіміз дүкенге барып, тексеріс жүргізе алмаймыз. Тұтынушылардан нақты шағым келіп түсуі керек. Прокуратураның рұқсатынсыз дүкенге кіре салып, тексеруді бастай алмаймыз», – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Дүкен сөресінде жүгіріп жүрген егеуқұйрық видеоға түсіп қалды (видео)

Ескерту: Астананың кейбір көшелері уақытша электр қуатынан ажыратылады

Депутат автокөлік нөміріне иесінің атын жазуға рұқсат беруді ұсынды

Алматыда екі адам Жаңа жылдық отшашудың кесірінен көздерінен айырыла жаздады

Талқылау