Астанадағы дискотека: Оқушы қыздар мас болып, бір бала пышаққа түсті
Бүгін Оқушылар сарайында болған дискотекадан оқушылар қатты мас күйінде қайтқан және бір оқушыны белгісіз біреу пышақтап кеткен деген хабарлама келіп түсті. Бұған Астана қалалық Білім басқармасының өкілі жауап берді.
Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова бұл оқиғаға байланысты қалалық Білім басқармасымен бірлесе жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Вaq.kz.
Ал қалалық Білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова оқиғаның анық-қанығын айтып берді. Оның айтуынша, оқушы ер баланы белгісіз біреу жарақаттаған.
«Дискотекадан кейін баланы Оқушылар сарайының маңайында белгісіз біреу жарақаттаған. Қазір бала ауруханада жатыр, жағдайы тұрақты. Күдікті ұсталды. Тергеу жүргізіліп жатыр», – деді ол.
Ішімдікке мас болған оқушылар туралы сұрағанда олардың қыз балалар екенін, қазіргі таңда олардың жағдайы жақсы екенін айтты.
«8 наурызға орай ұйымдастырылған сұлулық байқауына қатысқан қыздар ішімдік ішіп, мас күйінде болған. Қазіргі таңда олардың да жағдайы жақсы. Осы оқиғадан кейін қыздардың мұндай қылығы мектептің профилактика кеңесінде қаралатын болады. Балалардың барлығы қаладағы әртүрлі мектепте оқитын 11-сынып оқушылары», – деді Жазира Асанова.
Тағы да оқыңыз:
Ұлы Абайдың суретін дәретханаға төсеп, аяқ сүрткендер елдің ашуын келтірді
Исламда жалаңаш жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салынған