"Асылған адамның екі қолы байлаулы": Ринат Зайытов марқұм Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты тың деректі жариялады
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов марқұм композитор Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты өз ойын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж: Stan.kz
Халық қалаулысы қайғылы жағдайдың суицид екеніне күмәнмен қарайды. Сөзінше, Дүйсеновтің ұлының өлімінде саяси астары болмағандықтан, оқиға қоғамда кеңінен талқыланбай отырғанынын Qazaq Airan жобасына айтып берді.
“Тергеу материалдарымен түгел таныс емеспін. Бірақ бірінші келген тексеру актісін оқып шықтым. Ол жерде: "Асылған адамның екі қолы байлаулы" деп анық жазылған. Журналистер неге оны зерттемейді, неге шуламайды?! Себебі бұл жайттан ешкім саясат жасап жатқан жоқ", – деді Зайытов.
Айта кетейік, 2024 жылдың 8 қазанында сазгердің ұлы Абылай Арманұлы дүниеден озған еді.
“Сізден айырылу – адам төзгісіз жағдай. Сіз жай ғана жақын адам емессіз. Менің жанымның бір бөлшегісіз. Ажырамас бөлігіне айналдыңыз. Менің жүрегім ауырып жатыр. Менің қасымда жоқ екеніңді түсіне алмаймын”, – деп жазған еді марқұмның сүйіктісі.
Еске салайық, бұған дейін Баян Мақсатқызы "Бағдарламаны тоқтатуымды өтінді" деп марқұм Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты үндеу жасаған еді.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?