Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйінің жаңа иесі белгілі болды
Фото: ҰҚК
Астанадағы Кәрім Мәсімовке тиесілі үй оқу-ағарту министрлігінің пайдалануына берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты қайтарылған активтерді басқару компаниясы растады.
Компанияның мәліметінше, үй мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығымен "Арнайы және инклюзивті білімді дамыту ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" РММ-не берілген.
"Арнайы білімге және қосымша қажеттіліктері бар балалар санының артуына байланысты елімізде арнайы және инклюзивті білім ұйымдарының желісін кеңейту туралы шешім қабылданды. Басты орталық Алматыдағы "Арнайы және инклюзивті білімді дамыту ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" РММ-де шоғырланса, қалған өңірлерде, соның ішінде Астанада филиалдар ашылады", – делінген оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.
Айта кетейік, көктемде қайтарылған активтерді басқару компаниясы Астананың Нұра ауданында орналасқан үй Астана әкімдігінің мекшігіне берілетінін хабарлаған еді. Алайда Астана қалалық білім басқармасын үйдің білім беру нысандары үшін белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай емес деп мәлімдеп, алудан бас тартты.
Еске салсақ, ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген тұрғын үй алғаш рет 2025 жылдың ақпан айында сатуға шығарылып, 1 883 338 958 теңгеге деп бағаланған еді. Алайда үй аукционның бірінші сатылымында өтпей қалды. Жылжымайтын мүлік екінші рет наурыз айында сатуға шығарылып, тағы да сатылмай қалды. Элиталық үй сәуір айында тағы да сатылымға шығарылып, құны 282 500 843 теңгеге ғана арзандап, бастапқы баға – 1 600 838 115 теңге болып бекітілгені туралы жазған едік.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
