Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы автобус апаты кезінде аяғынан айырылған қыздың отбасына төрт бөлмелі пәтер берілді

Фото: gov.kz

Астанадағы автобус апатынан зардап шеккен жеті жастағы қыздың отбасына төрт бөлмелі пәтер берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі жеке демеушімен бірлесіп, отбасыға елордадағы жаңа тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады.


"Мұрны сынып, қан түкіріп жатты": Астанадағы автобус апатын көрген куәгерлер зардап шеккендерге қалай көмектескендерін баяндады


“Тұрғын үй кешені биыл қазан айында пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, құрылыс компаниясы пәтерді жөндеу және жабдықтау жұмысына да көмек көрсететін болады. Осыған дейін зардап шеккен отбасыға көрсетілетін өзге де қолдау шаралары туралы хабарланған болатын”, – деп мәлімдеді Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, осыған дейін Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшыраған еді. 

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек автобустағы жол апаты салдарынан аяғынан айырылған жеті жасар қызға неліктен бармағанына байланысты пікір білдіріп, отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге уәде берген еді. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 09 Маусым, 2025 18:26
Талқылау