Астанада зорлау ісі бойынша айыпталушының анасы баласына телефонды жасырын алып кірген
Фото: pixabay.com
Астанада зорлау ісі бойынша айыпталушының анасы, қоғамдық қорғаушы ретінде тергеу изоляторына кіріп, ұлына жасырын түрде мобильді телефон бермек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, әйел телефонды аяқ киімнің табанына жасырып, кездесуге келген кезінде ұлына берген. Бұл әрекетті бейнебақылау камералары тіркеген. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.
Ведомствоның мәліметінше, мұндай әрекеттерге тыйым салынғаны үнемі ескертілсе де, тергеу изоляторларына тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеттері әлі де жалғасып жатыр.
Мысалы, Павлодар қаласында уақытша ұстау изоляторының қызметкерлері торттың ішіне жасырып қойылған телефон, құлаққап және қуаттағыш құрылғыны тапқан. Бұл заттар 39 жастағы күдіктіге арналған. Пайдаланған азаматқа да хаттама толтырылды.
Кызылордада да ұқсас жағдай тіркелді, ол жерде телефон кір сабынның ішіне жасырып әкелінген.
ҚАЖК өкілі Берік Байкеновтің айтуынша, әрбір келушіге жауапкершілік туралы түсіндіріледі. Изоляторлардың кіреберісінде рентгендік құрылғылар орнатылған, барлық адам тексеруден өтеді. Соған қарамастан, телефон, есірткі мен алкоголь кіргізу әрекеттері жиі кездеседі.
Ведомство жыл басынан бері мобильді телефон кіргізудің 346 әрекеті тоқтатылып, 58 литрден астам алкоголь мен 10 келі есірткі тәркіленген дейді. 128 адам әкімшілік жауапқа тартылып, оның ішінде адвокаттар мен қоғамдық қорғаушылар да бар. Қазір 20-дан астам іс сотта қаралып жатыр.
Қазақстандық ер адам жарасын тегін емдету үшін әдейі түрмеге түскен
Қазақстанда сотталушы түрмеде Starlink интернет орнатып, есірткі саудасын басқарып отырған
Еске салайық, бұған дейін еркіндікке шыққан тұтқын камераласын түрмеден жүк сөмкесіне салып алып шыққанын жазған едік. Прокуратураға сілтеме жасаған Le Progrès басылымының дерегінше, оқиға 11 шілде күні болған. Түрме қызметкерлері тұтқынның жоғалғанын бір тәуліктен кейін ғана байқаған. Қашып кеткен тұтқын шамамен 20 жаста. Ол бұған дейін де бірнеше рет сотталған. Сондай-ақ екі адамды өлтірді деген күдікке ілінген. Тұтқынның ұйымдасқан қылмыстық топтармен байланысы бар болуы мүмкін.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
