Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жүкті әйелді құтқарғаны үшін марапатталған полицей қамауға алынды

Астана соты 2021 жылы жүкті қызды құтқарғаны үшін ІІМ басшысы марапаттаған елордалық полицей Алмаз Құлтановты тұтқындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"2023 жылғы 8 маусымда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Алмаз Құлтановқа қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", - делінген елордалық соттың хабарламасында.

Айта кетейік, 2021 жылы 3 қыркүйекте елордалық полицейлер өз-өзіне қол жұмсағысы келіп, өзенге секірген жүкті әйелді құтқарып қалған еді.


Астанада жүкті әйелді құтқарғаны үшін марапатталған полицейдің не үшін ұсталғаны белгілі болды


Полицей Алмаз Құлтанов Қабанбай батыр даңғылында қызметте болған кезінде сағат 12.20 шамасында "Рамстор" СҮ ауданы маңындағы Есіл өзенінің көпірінен секірген әйелді көрген. Құлтанов ойланбастан оның артынан секірген. Ал кейін ІІМ басшысы жүкті әйелді суицид жасаудан құтқарған полицейлерді марапаттады.

Талқылау