Автопарк автобус апатынан екі аяғынан айырылған қыздың жағдайын өмір бойы қамтамасыз етуге уәде етіп, кейін бұл ойынан бас тартты
Фото: Ашық дереккөзден
Астана автопаркі жол апатынан екі аяғынан айырылған қыздың өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін барлық шығынды өз мойнына алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алуаның туыстары 11 маусымда Астана қаласындағы №1 автопарктің басқарма төрағасы Мадияр Түкпатовпен сөйлескенін хабарлады. Автопарк басшысы Алуаның ғана емес, оның төрт бауырының өмір сүруіне қажет барлық шығынды №1 автопарк өмір бойы өз мойнына алатынын айтқан.
Алайда кейінірек автопарктың өзі ресми түсіндірме жариялады. Онда автопарк мемлекеттік кәсіпорын ретінде өмір бойы қаржылық кепілдіктер бере алмайтыны атап өткен. Өйткені мұндай шешімдер заң аясында және тиісті рәсімдер арқылы қабылдануы керек.
"Кездесу барысында моральдық қолдау білдіріліп, заң шеңберінде көмек көрсететініміз айтылды. Мүмкін болатын төлемдерге қатысты барлық шешімдер тек тергеу мен сот процестері нәтижесінде қабылданады", – делінген компанияның хабарламасында.
7 жасар Алуа Бекен Астанада автобус апаты салдарынан екі аяғынан айырылды. Қыздың отбасы елордаға демалысқа келген. Сол күні олар үйге қайтып бара жатқанда, автобус бағанаға соғылды. Алуа көлік салонында қысылып қалған, оны құтқарушылар қысылып қалған көліктен шығарып алған.
Қазір Алуа ауруханада. Оны алда ұзақ оңалту кезеңі күтеді және протез салу қажет. Анасы қызының күтімін жасау үшін жұмысынан шығып кеткен.
Еске салсақ, Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшыраған еді. Салдарынан 8 жасар қыздың аяғын кесуге тура келді. Жеті жасар қыздың отбасына 40 миллион мен баспана берілетіні айтылды.

"Күйеуім бала көтертпеу үшін вазэктомия жасатты": Екі баласымен корей азаматына күйеуге шыққан әйелдің өмірі қалай өзгерді
