Астанада жоғалып кеткен 11 жасар Жамал Бекетова табылды
Астанада жоғалып кеткен 11 жастағы Жамал Бекетова табылды. Бұл ақпаратты Астана қалалық ІІД растады.
Қызды жоғалып кеткені туралы шағым айтып полицияға қыздың анасы Алтыншаш Бекетова хабарласқан. Ол қызының 19 мамыр күні үйінен шығып кеткеннен кейін оралмағанын айтқан.
“2016 жылдың 19 мамырында кешкі 11-лер шамасында қыздың анасы хабарласты. Ол 2005 жылы туған Жамал Бекетованың үйден шыққан соң оралмағанын айтқан”, – делінген хабарламада.
Іздеу жұмыстарына еріктілер мен жергілікті тұрғындар белсене араласқан. Қыз туралы мәліметтер әлеуметтік желілерге де жарияланған.
Талқылау