Астанада жедел жәрдем фельдшерін ұрған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Елордада жедел жәрдем бригадасының фельдшерін ұрған ер адам ұсталды. Оған медицина қызметкеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы шақырту бойынша сауда орталығына барған. Ол жерде мас күйде екі ер адам болған. Олардың бірі өзін жайсыз сезінетінін айтқан.
Медицина қызметкерлері тексеру жүргізіп, қажетті көмек көрсеткеннен кейін оқиға орнынан кетпек болған. Сол сәтте ер адамдардың бірі агрессия танытып, фельдшерге соққы жасаған.
Аталған дерек бойынша полиция медицина қызметкеріне күш қолдану фактісімен қылмыстық іс қозғады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан