Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жазғы спорт түрлері бойынша паралимпиадалық жаттығу орталығы ашылады

Алғаш 2018 жылы Астанада ашылған жазғы және қысқы паралимпиада спорт түрлерінен ұлттық құрамалар мен спорттық резервтерді кәсіби дайындауға арналған нысан биыл жаңа спорт алаңдарымен толықтырылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: paralympic.kz/ru/

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мұндай ортылақтар АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Кореяда бар. 

Маңызды жоба Қазақстан ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевтың басшылығымен салынады. 

"Орталықта отырып ойнайтын волейбол, баскетбол, бочча және арбадағы регби, голбол, арбадағы тенниске арналған спорт залдары бар. Ғимараттың жалпы ауданы 2792 шаршы метрді құрайды, спорт залдарының көлемі 48/26 метрге дейін жетеді. 2020 жылы УЕФА жобалық құжаттаманы әзірлеуге 45 мың еуро бөлген, бұл жоба  спорт қауымдастығы үшін де маңызды",-деді Қайрат Боранбаев.  

Фото: paralympic.kz/ru/

Орталық адамдардың  физикалық мүмкіндіктеріне қарай арнайы жеделсатылармен жабдықталған. Сондай-ақ, жобаға УЕФА президенті Александр Чефериннің өзі қолдау білдірген. 

"Мұнда қызмет ететіндер де, жаттықтырушылар да мүмкіндігі шектеулі жандар. Мұның бәрі олардың бірін-бірі жақсы түсінуі үшін, қоғам өміріне араласуы үшін жасалған.  Кез-келген мүмкіндігі шектеулі адам осында келіп жаттыға алады. Мұндағы арнайы медициналық кабинет келушілердің денсаулығын тексеріп, кімге қаншалықты жүктеме беруге, қандай спорт түрімен шұғылдануына болатынын анықтайды. Спорт нысанындағы баспалдақ пен пандустан бастап жарық жағу нүктелеріне дейін мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайына қарай жасалған. Барлығы халықаралық стандартқа сай",-деді Қайрат Боранбаев. 

Паралимпиадалық орталық болашақта әлемдік чемпионаттар мен халықаралық жарыстар өткізуге ниетті. Сондай-ақ білім беру жүйесін әлемдік деңгейге жеткізу мақсаты бар. 

Құрылыс құны – 4,2 миллиард теңге, ашылуы 2026 жылдың 1 тамызына жоспарланған.

Фото: paralympic.kz/ru/

"Мен бұл орталыққа 2021 жылы ота жасатқаннан кейін келдім. Маған қалқанша безінің қатерлі ісігі диагнозын қойды. Маған бәрі енді толыққанды өмір сүре алмайсың деді. Мен сол сәтте өмірден күдерімді үзіп, салым суға кетті. Көп ұзамай осы орталыққа келдім. Паралимпиада ортағы мені өмірге қайта алып келді. Қазір үстел теннисінен біраз жетістіктерге жеттім. Республикалық, қалалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы атандым. Сондай-ақ халықаралық контенторға төрелік еттім. Бұл бір кезде өмірден күдер үзген мен үшін үлкен жетістік", - дейді 51 жастағы паралимпадашы Ольга Корх.

Жуырда Астанада 2024 жылы Парижде өтетін паралимпиада ойындарына 100 күн қалғанда Қазақстан мен Бразилия арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті.

“Волейболдан құрама команданың көрсеткіші жаман емес. Қазір Франция командасымен жолдастық кездесуге дайындалып жатырмыз. Одан кейін Мысыр командасымен бақ сынасамыз. Бұрын волейболдан паралимпиадаға 12 команда қатысса, қазір іріктеуден өткен сегіз ғана команда қатысады”,-дейді волейболдан паралимпиада командасының жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов. 

Фото: paralympic.kz/ru/

Орталықта көзі мүлде көрмейтін спортшылардан құралған футбол командасы бар. 

"Менің туғаннан көру мүмкіндігім әлсіз. Уақыт өте келе көруім тіпті қиындай түсті. Осы орталыққа келгенше, өзімді қоғамнан бөлек, кем сезінетінмін. Спорт – мүмкіндіктердің шексіз екенін көрсетті. Біздің команданың ойынына сырттан қарап тұрған адам біздің соқыр екенімізге сенбейді. Қазір әйелім, тәрбиелеп отырған екі балам бар. Алдыға қойған жоспарымыз, мақсатымыз көп",-дейді футболшы Қанат Ақынбаев. 

Паралимпиада орталығы жай ғана спорт нысаны емес, ерекше қажеттілігі бар жандардың әлеуметтік дамуына арналған бірегей алаң.

Талқылау