Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Астанада жанжал атыспен аяқталып, бір адам қаза тапты

Астана полиция департаменті ер адам жанжал кезінде танысының басына оқ атқанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: sotni.ru

Желіде "Артем" ауданында ер адамның басын кесіп тастағаны туралы видео тараған еді. Полиция департаменті бұл оқиғаны растады және кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша қылмыс бұрын таныс адамдар арасындағы жанжал кезінде болған. Жанжал барысында күдікті марқұмның басына оқ атқан", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс құралы тәркіленді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.

Елорда полициясы жалған ақпарат таратқандардың жауапқа тартылатынын ескертеді және азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.



Еске салайық, бұған дейін Шымкентте 54 жастағы әйел жантүршігерлік жағдайда ажал құшты. Мүмкіндігі шектеулі әйелді өлтіріп, өртеп жіберді деген күдікпен өз ұлы қамауға алынды. Сұмдықты бірінші болып марқұмның үлкен ұлы көрген. Жұмыстан келген ол қанға малынған үйді көріп, далаға қашып шығады. Сөйтіп, өзіне жұмыс беруші әйелдің үйіне барған. Қанға бөккен үйге келген екеуі кіре алмай, далада біраз жүргенін айтты. Көрші өзге әйелдерді ертіп, ішке енген оларды күдікті пышақпен қуып шыққан дейді көршісі. 

Айым Атамбаева
Жұма, 28 Ақпан, 2025 13:59
Талқылау