Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада үнемі таяқ жеп ауруханаға түскен 7 жасар қыз үйіне қайтқысы келмейді

Астанада жеті жасар қыз үйіндегі үнемі ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түскен. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram-парақшасында хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Үйде жүйелі түрде ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түскен жеті жасар қызды көруге бардым. Бала үйге қайтпай, ауруханада қалса бола ма деп сұрады", - деп жазды балалар омбудсмені.

Оның айтуынша, мектепте баланың денесінен соққы іздері анықталған. Мұғалімдер бірден кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияны шақырған. Сондай-ақ Динара Зәкиева қыздың отбасында жеті бала барын айтты.

Айта кетсек, бұған дейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Екібастұздағы анасының қолынан өлген жеті жасар қыздың жағдайынан кейін мәлімдеме жасаған.

Айнұр Мұхади
Жексенбі, 26 Қараша, 2023 15:23
Талқылау