Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада тұрғын үй кешенінің төбесі тұрғындардың үстіне опырылып түсті (видео)

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде кіреберістің төбесі тұрғындардың үстіне опырылып түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Әлеуметтік желіде "Көктем" тұрғын үй кешенінің бір кіреберісіндегі бейнебақылау камерасы түсірген видео пайда болды. Видеода ғимараттың ішінде төбеден су төгіліп жатқанын көруге болады. Осы сәтте төбенің бір бөлігі опырылып, әйел мен баланың үстіне құлаған. Тұрғындар соңғы сәтті қашып үлгерген. 

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті аталмыш оқиғаға қатысты ешқандай шағым түспегенін хабарлады.

Жазба авторы тұрғындардың тұрғын үй кешенін салушы компанияның кемшіліктері туралы бірнеше рет шағымданғанын атап өткен.


Атырау облысында тас жол опырылып, көлік шұңқырға түсіп кетті (видео)


Астана әкімдігі қалалық қоршаған ортаны және сапаны бақылау басқармасы үйді салушы "Sayran-Социаль" ЖШС-не осы жылдың наурыз айында тексеріс жүргізгенін мәлімдеді. Тексеріс барысында бүкіл тұрғын үй кешенін, оның ішінде кіреберістердің де тексерілген және ескерту берілген.

"Тексеру қорытындысы бойынша 2024 жылы 28 наурызда құрылыс салушыға жол берілген бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, аталған ұйғарымның талаптары орындалмағандықтан, департамент материалды сот органдарына жіберді", –делінген әкімдік хабарламасында.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты істі өндіріске қабылдады.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада ғимараттың қасбеті баланың үстіне опырылып түскені туралы жазған едік. 

Талқылау