4 миллиард теңге шығын: Астанадан 300-ден астам отбасы құрылыс компаниясын алаяқтық жасады деп айыптады
Фото: istockphoto.com
Астана қаласының полиция департаменті "Жаңа Арқа" тұрғын үй кешені салымшыларының арыздары бойынша алаяқтық фактісімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу барысында жосықсыз құрылыс салушы тиісті рұқсатсыз және заң талаптарын бұза отырып, тұрғын үй кешенін салуға азаматтардан қаражат тартқаны анықталды.
Құрылыс салушының қылмыстық әрекеттері нәтижесінде 300-ден астам отбасының мүддесіне 4 млрд теңге көлемінде аса ірі көлемде материалдық залал келтірілген.
Елорда прокуратурасының үйлестіруімен тергеу органы кінәлі адамды ұстап, сот санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда, іс бойынша барлық қажет сараптамалар тағайындалды.
Елорда прокуратурасы азаматтарды пәтер сатып алмас бұрын үлескерлерден қаражат тартуға рұқсаттың бар-жоғын мұқият тексеруге шақырады. Бұл алаяқтықтан сақтануға және құқықтарыңызды қорғауға көмектеседі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген