Астанада тағы бір қыз 15-қабаттан құлап кетті
Астанада 17 жастағы қыз 15-қабаттан жеңіл автокөлік үстіне құлап кетті, деп хабарлады ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
“Оқиға сағат 12 кезінде болды. Қыз 2000 жылы туған. Болған істің мән-жайы анықталуда. Тексеру жүргізіліп жатыр”, — деп хабарлады Астана ІІД.
Қызды дереу ауруханаға жатқызған. Сондай-ақ, бір күн бұрын Астанада тағы бір жас қыздың 21-қабаттан құлап кеткені туралы хабар таратылған болатын. Оның денесі 4 мамыр күні Бауыржан Момышұлы даңғылы бойынан табылыпты.
Полиция бұл екі оқиғаның арасында байланыс бар-жоқтығын нақты айтқан жоқ.
Оқи отырыңыз:
Алматыда көлік сауда үйінің алдында ер адамды қағып өлтірді
Оралда қыз бен жігіт ұрлап алған көліктерімен жол апатына түсті
Алматыда 16 жастағы қыз полициядан қашамын деп жол апатына түсті
Талқылау