Астанада "Sincere Systems" қаржы пирамидасының басшысына қатысты сот үкімі шықты
Астана қаласында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша "Sincere Systems" ЖШС басшылығына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған компания 2020 жылдан бері жұмыс істеп, криптовалюта биржаларымен ынтымақтасатын компанияның атын жамылып, азаматтардан қаражат жинап келген.
“Салымшылардың санын көбейту үшін ойдан шығарылған жобаларға инвестиция салу мүмкіндігі қарастырылды. Клиентті инвестицияның қауіпсіз екендігіне сендіру үшін ID беру арқылы клиенттің жеке кабинеті тіркелген, салымға тең виртуалды қаражатпен толықтыру мүмкіндігі бар веб-сайт құрылды”, – делінген ақпаратта.
Компания азаматтардан барлығы 215 миллион теңге жинаған.
“Сот үкімімен "Sincere Systems" ЖШС басшысы 5 жылға инвестициялық қызметпен айналысуға тыйым салынып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды”, – деп қосты Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі.
Талқылау