Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада "Шанхай" базары өртеніп кетті

Астанадағы базрда өрт шықты

Фото: Төтенше жағдай министрлігі

Астанада Алаш тас жолы бойындағы “Байқоңыр” ауданы аумағында орналасқан “Шанхай” базары отқа оранды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Сондай-ақ ТЖМ командалық орталығында іс-қимылды үйлестіру үшін штаб құрылды. Сумен үзіліссіз қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілер өрттің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеді.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше өрт жан-жаққа тарап кетті. Ол кезде қызыл жалын өршіп, қабатаралық жабын ішінара құлаған. Өрт қатты өршігендіктен және қара түтіннен қызыл жалынды ауыздықтау қиынға соқты. 

Астанадағы базрда өрт шықты

Фото: Төтенше жағдай министрлігі

“Өртті сөндіру үшін су оқпандары берілді, сөндіру жұмыстары биік техникалар арқылы да жүзеге асырылып жатыр. Өрт туралы хабар кеш берілгендіктен, өрт бүкіл ғимарат аумағына тарап кетті. Астана қаласы ТЖД, ЖАО 165 қызметкері және шамамен 62 бірлік техникасы жұмылдырылды. Су үздіксіз беріліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Төтенше жағдай министрлігіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт сағат 07:10-да оқшауланды.

Базар әкімшілігі өрт туралы хабарламаған. Өртті бірінші және үшінші қабаттың терезелерінен шыққан қою қара түтінді байқап қалған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өздері анықтаған.

Айым Болатқызы
Жұма, 18 Шілде, 2025 11:18
Талқылау