Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Перизат Қайрат ісі бойынша сот процесі басталды

Перизат Қайраттың соты басталды Фото_ instagram_01pkФото: instagram_01pk

Астанада Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты алдын ала сот тыңдауы басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, күдіктілер сот процесіне БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсы болған. Сондай-ақ олар сот отырыстарын фото және бейнетүсірілімге түсіруге рұқсат бермеген.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі алдын ала тыңдаудың басталғанын растады. Бұл туралы алдын ала ешқандай хабарландыру жасалмаған.

"Бүгін алдын ала тыңдау өтті. Пресс-қызмет ешкімді, не жеке, не ортақ чатқа шақырмады. Бүгін өтініштер қаралып жатыр. Сот отырыстың ашық не жабық өтетінін шешу үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Тыңдау соңында қосымша ақпарат беріледі", – делінген хабарламада.

Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін – Жоғарғы сот


Бас прокуратураның арнайы қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кекселдің үстінен іс қозғалды – БАҚ


Еске салайық, маусым айының соңында Бас прокуратура Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істің мәні бойынша қарау үшін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданғанын хабарлаған еді. Перизат Қайрат пен оның анасы азаматтар мен ұйымдардан 3 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталып отыр. Бұл қаржы мүмкіндігі шектеулі балаларға, сондай-ақ Қазақстандағы су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккендерге қайырымдылық көмегі ретінде жиналған.

2024 жылдың қараша айында ол су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталған. Тергеу деректері бойынша, бұл қаражаттың бір бөлігі элиталық жылжымайтын мүлік, көлік және қымбат шетелдік сапарлар сияқты жеке қажеттіліктерге жұмсалған.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 09 Шілде, 2025 13:12
Талқылау