Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада пәтер алу үшін өз еңбегімен ақша жинап жүрген ерекше қажеттілігі бар адам желі жұлдызына айналды (видео)

Желіде астаналық Ильнар есімді ерекше қажеттілігі бар адамның видеосы пайда болды. Ер адам жағдайы қиын болса да, шағымданбай, нәпақасын өзі тауып жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан алынды

Диагнозы – церебральды сал ауруы. Ильнар соған қарамастан жабдықтарды жөндеу арқылы ақша тауып, отбасына қамқорлық жасап жүр. 

"Алла осылай жаратты, мен не істей аламын. Жағдайы менікінен де жамандар бар. Өздігінен тамақ іше алмайтын сал ауруына шалдыққандар бар. Шағымданбауға тырысамын, басым жұмыс істейді, отбасым, бала-шағам бар. Өздігіммен күн көріп, ешкімнен ештеңе сұрамаймын", – деді ер адам. 

Сонымен қатар ол қайырымдылықпен айналысып, басқа азаматтарды да жақсылық жасауға шақырды. Неғұрлым көп берсең, соғұрлым көп аласың дейді ол.

Ильнарды өмірге әкелер кезде мойын омыртқасы, қолы және аяғы сынған. Қазір ол 32 жаста, павлодарлық. Әйелі де ерекше қажеттілігі бар жан, көзі көрмейді. Ерлі-зайыптылардың дені сау екі баласы бар. 2015 жылы ол Астанаға көшіп, компьютер жөндеумен айналысқан. Еңбекқорлығының арқасында өз пәтеріне ақша жинаған.

Әлеуметтік желі қолданушылары ерекше қажеттілігі бар жанның оқиғасына сүйсініп, адамдардың көбі өз өмірін бағаламайтынын айтты.

@tashkinbayev

Ильдар и Ильнар ремонтируют технику в Астане, в ТД Есиль, Республика 6, бутик 2 aircomservis (инстаграм)

♬ оригинальный звук - Другие места | tashkinbayev
Талқылау