Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада өткен Art Forum-да Stan.kz пен Tele2/Altel бірлесе ұйымдастырған жоба үздік PR-жобалардың қатарынан көрінді

Астанада PR room ұйымдастырған алғашқы Art Forum өтті. Іс-шарада мәдениет пен коммуникация саласындағы менеджерлер, креаторлар, сарапшылар және мемлекеттік орган өкілдері бас қосып, арт пен креативті индустрия саласындағы маңызды тақырыптарды талдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

артфорум

Қатысушылар маркетинг, монетизация, технологиялар мен шығармашылықты біріктіру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, жиын барысында қазақтілді контентті тұтыну бойынша зерттеулер таныстырылды.

артфорум

Бұдан бөлек, форум аясында PR ROOM AWARDS үздік PR-жобалар байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқауға PR-қоғамдастық өкілдері, қоғаммен байланыс мамандары, паблик авторлары, баспасөз қызметтері және қазақстандық компаниялардың PR-бөлімшелері қатысты.

Айта кетері, PR ROOM AWARD-та Stan.kz ақпарат агенттігі мен Tele2/Altel бірлесе ұйымдастырған #желідеқауіпсізбол жобасы үздік PR-жобалардың қатарынан көрініп, марапатқа ие болды. 

артфорум

Art Forum Қазақстандағы креативті индустрияны дамытуға қосар үлесі зор екенін тағы да дәлелдеді. Мұнда сарапшылар маңызды тенденцияларды талдап, тыңдарманға қажетті біліммен бөліседі. Осылайша креаторлардың бас қосатын маңызды алаңына айналды. 

Назархан Уән
Сенбі, 07 Желтоқсан, 2024 14:07
Талқылау